Ұшу кестесі өзгереді
Өскемен әуежайы 2025 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылуына орай
Өскемен әуежайы 2025 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында Астана әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылуына орай, Өскемен — Астана бағытындағы рейстер кестесінің өзгеретінін хабарлайды.
Күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ұшу-қону жолағы ұшулар мен қонулар үшін толығымен жабық болады.
Осыған байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізілді. Ақпаратты әуе тасымалдаушылардан алдын ала нақтылауды және әуежай сайтындағы жаңалықтарды қадағалауды сұраймыз.
Жаңартылған рейстер кестесі:
Күнделікті рейстер:
* КС 345/346 (Астана — Өскемен — Астана)
* Келуі: 06:20
* Ұшуы: 07:35
* DV 725/726 (Алматы — Өскемен — Алматы)
* Келуі: 07:30
* Ұшуы: 09:30
* DV 783/784 (Астана — Өскемен — Астана)
* Келуі: 07:30
* Ұшуы: 08:40
* FS 7372 (Астана — Өскемен — Астана)
* Келуі: 21:55
* Ұшуы: 22:25
* Рейстер дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері орындалады.
Мүмкін болатын қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқаныңызға алғыс білдіреміз.
Өскемен әуежайы қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысын жалғастырады және сіздің жайлылығыңызға қамқорлық жасайды.
01. 08. 2025
Басқа жаңалықтар:
08. 06. 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру
Толығырақ
24. 06. 2026
"Өскемен әуежайы" АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есептің жария тыңдауларын өткізу туралы хабарлайды
Толығырақ
15. 04. 2025
Өскемен әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі оқу-жаттығу өткізді
Толығырақ
03. 12. 2025
Хабарландыру
Толығырақ