Керi байланыс АО «Аэропорт Усть-Каменогорск» открыто для контактов и улучшений, мнение потребителей о нашей работе и качестве предоставляемых услуг очень важно для нас.. Отправить Керi байланыс

Ұшып кететін жолаушыларға

Халықаралық авиажелідегі жолаушыларға

Ұшып келетін жолаушыларға

Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға

Авиакомпаниялар мен авиакомпания өкілеттігі

  • Ұшып кететін жолаушыларға
  • Халықаралық авиажелідегі жолаушыларға
  • Ұшып келетін жолаушыларға
  • Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға
  • Авиакомпаниялар мен авиакомпания өкілеттігі
  • Өскемен халықаралық әуежайының ішкі рейстеріне авиабилеттер тіркеу мен жүктерді рәсімдеу рейстің ұшуына 1 сағат 30 минут қалғанда басталып, ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Рейске тіркелудің басталу уақыты мен аяқталу уақытын Сіздің рейс ұшатын авиакомпания өкілдерінен нақтылап сұрап алуға кеңес беріледі.

    Тіркеуден өту кезінде Сіз төлқұжат немесе жекебас куәлігін көрсетуіңіз қажет. Онымен қоса авиабилетті (егер Сізде электронды билет болған жағдайда тіркеуден өту үшін төлқұжат немесе жекебас куәлігін көрсету жеткілікті) және (жүгіңіз ұшақтың салонында немесе ұшақтың жүк бөлімінде тасымалдана ма, жоқ па, оған қарамастан) жүгіңізді көрсетуіңіз қажет.

    Жүгіңіздің салмағына және көлеміне назар аударыңыз – егер ол Сіз ұшатын авиакомпания бекіткен мөлшерден асып кеткен жағдайда, Сіз жүкті тасымалдауға қосымша ақы төлеуіңіз қажет.

    Сіз ұшатын авиакомпания сайтында көрсетілген жүктерді тасымалдау туралы ережелермен ертерек танысып алуға кеңес береміз. Тіркеу процедурасы аяқталғаннан кейін Сізге ұшаққа отырғызу талоны мен жүкке бирка беріледі.Ұшаққа отырғызу талоны мен жүк биркасын Сіз бара жатқан қаланың әуежайында жүгіңізді алғанға дейін сақтауыңыз қажет.

    Авиакомпанияларда жүкті тасымалдау нормалары мынадай параметрлерге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін: 

    • ұшу бағыты – (ішкі немесе халықаралық рейс), жүк тасымалдау нормасы салмағына немесе санына қарай болуы мүмкін.
    • брондау класы – тариф бойынша, билетті сатып алған жолаушыға эконом класта жүкті тасымалдау нормасы 10-25 кг, ал бизнес класта 30 кг. құрайды

    Нормадан асып кеткен жүкке сол ситуацияға байланысты алымдардың төлемі бойынша ақы төленеді. 

    Ұшу алдындағы тексеруден өту және ұшуды тосу

    Авиабилеттерді тіркеу мен жүктерді рәсімдеу аяқталғаннан кейін жолаушылар ұшу алдындағы тексеруден өтеді. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері арнайы сертификатталған тексеру құралын пайдалана отырып жолаушылар мен олардың қол жүктеріне ұшу алдындағы тексеру жұмысын өткізеді.

    Ұшу алдындағы тексеруден өткен жолаушылар ұшаққа отырғызудың басталғаны туралы хабарламаны естігенше күту залына барып тосып отырады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.12.2011 жылдың № 1522 «Жолаушыларды, жүктерді әуе кемесінде тасымалдау ережесі» Қаулысы.

  • Өскемен халықаралық әуежайында халықаралық рейстерге авиабилеттер тіркеу мен жүктерді рәсімдеу рейстің ұшуына 3 сағат қалғанда басталып, ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Рейске тіркелудің басталу уақыты мен аяқталу уақытын Сіздің рейс ұшатын авиакомпания өкілдерінен нақтылап сұрап алуға кеңес беріледі.

    Халықаралық рейстің жолаушылары авиабилеттерді тіркеу мен жүктерді рәсімдемес бұрын кедендік бақылау аймағынан өтуі керек.

  • Өскемен халықаралық әуежайына ұшып келген жолаушылар №2 немесе №3 терминалға келеді.

    Аэробекетке келген жолаушыларған ұшып келу залына баруы керек. Халықаралық рейс жолаушылары құжаттық тексеруден өтеді. Құжаттық тексеруден өткен жолаушы жүгін ала алады.

    Халықаралық рейс жолаушылары жүгін алғаннан кейін кедендік бақылаудан өтеді. Онда кедендік декларациялар жасалынып, кедендік төлемақы төленеді.

  • Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушының ұшақпен ұшуына шешімді оның ем жүргізетін дәрігері немесе тасымалдаушы авиакомпанияның өкілі мына факторларды ескере отырып қабылдайды: жолаушының денсаулық жағдайы, арнайы жабдықтың қажеттілігі, бір рейсте осы категориядағы жолаушылардың болу санын шектеу. Егер Сіз немесе Сіздің жақыныңыз ұшақпен ұшуды жоспарлап және осы категориялы жолаушылар санына жататын болсаңыз, билетті алар кезде бұл туралы алдын ала ескертіп айтуыңыз керек.

    Әуежайға келгеннен кейін Сіз өз бетіңізбен тіркеуден өтуіңізге немесе бірінші қабаттағы дәрігерлік пункттің көмегіне жүгінуіңізге болады. Дәрігерлік пункттің мамандары әуемен ұшар кездегі медициналық қарсы көрсетілімдер туралы жолаушыларға кеңес беріп, сырқат немесе өздігінен қозғала алмайтын жолаушылармен ұшаққа дейін немесе ұшақтан медициналық қызметкер бірге ертіп апарады. Сонымен қатар, бұл жолаушыларға тіркеуден, шекаралық/кедендік бақылаудан өтуге және жүкті рәсімдеу мен жеткізуде көмек көрсетіледі.

    Өскемен әуежайының инфрақұрылымы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың талаптарына қарай үнемі жетілдіріліп отырылады. Сізге ыңғайлы болу үшін әуежайда мына заттар бар:

    • мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың көліктеріне арналған жеке тұрақтар бар:
    • әуежай аумағында (дәрігерлік пунктте) қозғалып жүре алуы үшін мүгедектерге арналған арба бар;
    • мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған байланыс құралдары (таксофон) бар.

    Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсетуге байланысты барлық сұрақтарыңызға жауапты, жолаушыларға медициналық қызмет көрсету бөлімінен, мына телефон бойынша алуыңызға болады: +7 (7232) 77-86-02

    • «SCAT» авиакомпаниясының кассасы 77-81-37. Бажов көшесі 566
    • «Транс Авиа» агенттігі 24-23-23, 24-26-36. Қазақстан көшесі 31
    • «Авиалюкс» агенттігі 25-58-88, 26-19-24. Қабанбай Батыр көшесі 158
    • «Эйр Астана» авиакомпаниясының кассасы 77-81-41 Бажов көшесі 566
    • «Авиа Стар» агенттігі 25-28-50. Қасым Қайсенов көшесі 123
    • «Отрар Трэвел» агенттігі 24-32-33, 57-66-76 Орджоникидзе көшесі 4
    • «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ-ның кассасы 77-80-01. Бажов көшесі 566