Басты бет Жаңалықтар Өскемен әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтті

Өскемен әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтті

Өскемен әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтті

Өскемен халықаралық әуежайында төтенше жағдай кезінде адамды шартты түрде кепілге алу іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған жоспарлы жаттығулар өтті. Сценарийге сәйкес, «А» ұшып шығу терминалында шартты бұзушылар тобы әуежай қызметкерлерінің бірін кепілге алған. Оқу-жаттығуға көліктегі полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері мен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Осы жаттығуда іс-қимыл алгоритмі, оқиға орнына жедел келу, келіссөздер жүргізу және шартты зиянкестерді бейтараптандыру пысықталды. Бөлімшелер арасындағы іс-қимылдарды үйлестіруге, ақпаратты уақтылы беруге, азаматтарды қауіпсіз эвакуациялауға және ықтимал салдарларды барынша азайтуға ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығудың басты мақсаты - техникалық және тактикалық іс-қимылдарды пысықтау ғана емес, сонымен қатар әуежай кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру. Оқу-жаттығу штаттық режимде, әуежай жұмысына кедергі жасамай өтті. Барлық рейстер кестеге сәйкес орындалды және жолаушыларға жаттығу туралы алдын ала хабарланды. Әуежай басшылығы қатысушыларға кәсібилігі мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғысын білдіріп, әуе тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
15. 04. 2025