Өскемен әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі оқу-жаттығу өткізді
Өскемен әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі оқу-жаттығу өткізді
Өскемен әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері полиция өкілдерімен бірлесіп, әуе көлігіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің алдын алуға бағытталған жоспарлы жаттығу өткізді.
Іс-шара аясында жолаушылар мен багажды тексеру аймақтарында бақылау шаралары күшейтілді.
Тасымалдауға тыйым салынған заттар (өткір темір заттар, тез тұтанатын заттар, жарылғыш материалдар, қару-жарақ және оларға ұқсайтын қауіпті заттар) жөнінде қолданыстағы ережелерге жолаушылардың назары аударылды.
Сондай-ақ, жолаушыларға авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді.
Мұндай оқу-жаттығулар ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, жолаушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, ұшу кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.
Әуежай басшылығы мұндай бастамалар қауіпсіздік қызметінің тиімділігін арттырып қана қоймай, әуе кемелерінің бортына тыйым салынған заттарды әкелуге байланысты оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
15. 04. 2025
Басқа жаңалықтар:
01. 08. 2025
Ұшу кестесі өзгереді
Толығырақ
02. 09. 2025
Қазақстан әуежайларында қол жүгін және багажды тексеруге қатысты жаңа ережелер енгізілді.
Толығырақ
24. 06. 2026
"Өскемен әуежайы" АҚ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша есептің жария тыңдауларын өткізу туралы хабарлайды
Толығырақ
16. 03. 2026
"Өскемен әуежайы" АҚ 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептердің жария тыңдауларын өткізу туралы хабарлайды
Толығырақ