Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашылды
Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашылды
"Өскемен әуежайы" АҚ Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тікелей тұрақты рейстің ашылғаны туралы хабарлайды.
1-ші маусымнан бастап Шымкентке SCAT авиакомпаниясы аптасына 5 рет — дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексембі күндері ұшатын болады.
"Біз бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болады деп күтеміз, өйткені Шымкент әуежайы одан әрі ірі шетелдік қалаларға — Мюнхен, Будапешт, Мәскеу және Ыстамбұлға қосылатын рейстерге қолайлы мүмкіндіктер береді", - деді "Өскемен әуежайы " АҚ президенті Серік Оразғалиев.
Жаңа бағыт Шығыс Қазақстан облысынан ұшу географиясын кеңейтеді және өңір тұрғындарына іскерлік сапарлар үшін де, туристік саяхаттар үшін де қолайлы.
Билеттер сатылымда бар. Рейстердің егжей-тегжейлі кестесі мен брондау шарттары авиакомпанияның веб-сайтында және кассаларында көрсетілген.
23. 04. 2025
Басқа жаңалықтар:

15. 04. 2025
Өскемен әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтті
Толығырақ

15. 04. 2025
Өскемен әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі оқу-жаттығу өткізді
Толығырақ

11. 04. 2025
Өскемен әуежайы жолаушыларды тасымалдау көлемін ұлғайтуда
Толығырақ

15. 04. 2025
Өскемен әуежайы арқылы Түркия жақындай түседі
Толығырақ
