Өскемен әуежайы арқылы Түркия жақындай түседі
Өскемен әуежайы арқылы Түркия жақындай түседі
13 мамырдан бастап жоғары сұранысқа ие туристік бағытта маусымдық чартерлік бағдарлама басталып, Өскемен-Анталия тікелей чартерлік рейсі жүзеге асырыла бастайды.
Бұл туралы "Өскемен әуежайы" АҚ президенті Серік Оразғалиев мәлімдеді.
"13 мамырдан бастап Өскемен мен Анталия арасында тікелей чартерлік рейс орындалатын болады. Тікелей рейс жол жүру уақытын біршама қысқартады және бір ұшақтан екіншісіне қайта отыру қажет емес. Бұл әсіресе балалармен саяхаттауға өте ынңайлы. Бұл бағыттағы рейс шамамен 26-шы қыркүйекке дейін орындалатын болады",-деді Серік Оразғалиев.
Рейстер сейсенбі және жұма күндері 10 күнде бір рет жүзеге асырылады.
Бұл чартерлік бағдарлама туроператорлармен бірлесіп ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін қолайлы және қолжетімді демалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Анталия дәстүрлі түрде қазақстандық туристердің жоғары сұранысқа ие бағыттарының бірі. Мұнда жылы ауа-райы, жұмсақ теңіз суы, дамыған инфрақұрылым және кез келген бюджетке лайық көптеген қонақүйлер орналасқан.
Ұшу кестесі, турлардың құны және брондау шарттары туралы толық ақпаратты авиакомпаниямен тығыз жұмыс істейтін туроператорлардан білуге болады.
15. 04. 2025
Басқа жаңалықтар:

23. 04. 2025
Өскемен-Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты рейс ашылды
Толығырақ

11. 04. 2025
Өскемен әуежайы жолаушыларды тасымалдау көлемін ұлғайтуда
Толығырақ

04. 03. 2025
2024 жылы Өскемен қаласының әуежайы 650 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетті
Толығырақ

15. 04. 2025
Өскемен әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі оқу-жаттығу өткізді
Толығырақ
