Комплаенс-жүйелерді дамыту және бірыңғай нормативтік құжат құру талқыланды
Комплаенс-жүйелерді дамыту және бірыңғай нормативтік құжат құру талқыланды
27.04.2026ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Айқымбековтің, мәслихат депутаттары мен көпшілік өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы форматында өткізілген мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымының комплаенс-офицерлерінің кездесуі аясында комплаенс жүйені дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Іс-шара барысында комплаенс функцияларды жетілдіруге бағытталған, оның ішінде заңнамалық деңгейде комплаенс-қызметтердің жұмысын реттейтін бірыңғай нормативтік құқықтық құжатты әзірлеу және қабылдау мәселесі бойынша бастамашыл ұсыныстар енгізілді.
Қолданыстағы реттеу фрагменттік сипатқа ие және негізінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралармен шектелетіні атап өтілді.
Бірыңғай құжатты қабылдау ішкі бақылау жүйесін күшейтуге, комплаенстің бірыңғай стандарттарын енгізуге және ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
08. 05. 2026
Басқа жаңалықтар:
16. 03. 2026
"Өскемен әуежайы" АҚ 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептердің жария тыңдауларын өткізу туралы хабарлайды
Толығырақ
15. 04. 2025
Өскемен әуежайы арқылы Түркия жақындай түседі
Толығырақ
02. 09. 2025
Қазақстан әуежайларында қол жүгін және багажды тексеруге қатысты жаңа ережелер енгізілді.
Толығырақ
01. 08. 2025
Өскемен әуежайы жаңа "АИСТ" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізгенін қуана хабарлайды.
Толығырақ