Обратная связь АО «Аэропорт Усть-Каменогорск» открыто для контактов и улучшений, мнение потребителей о нашей работе и качестве предоставляемых услуг очень важно для нас. Отправить Обратная связь

«Қызметтер» бөлімі

Анықтама бюросы

Анықтама бюросында ұшақтардың ұшу кестесін, рейске тіркелу уақытын және басқа да ақпараттармен Сізді хабардар етеді.

Банкоматтар

Аэробекет аумағында әмбебап мульти банктік «QiWi» төлемақы жасау терминалы бар, ол Beeline, Kcell, Activ, Neo, Dalacom, Pathword ұялы байланыс қызметтеріне және коммуналдық қызметтерге төлемақы қабылдайды.

Жүк сақтау камерасы

Сіздің назарыңызға аэробекеттің бірінші қабатында орналасқан қол жүктерін және жолжүктерін сақтау камерасы бар. Ол күнделікті, түскі үзіліссіз жұмыс жасайды.

Жолаушылардың жүктері мен заттары сақтауға кез келген қаптамада қабылданады. Камералар жүктердің сақталуын және кір болып қалмауын қамтамасыз етеді.

Таксофондар;
Авиакассалар

Аэробекет кассасында ішкі рейстермен қатар, халықаралық авиарейстерге де авиабилетті сатып ала аласыз. Авиакасса әуежайдың регламент кестесіне сай жұмыс істейді, сондықтан Сіз керекті рейске өзіңізге ыңғайлы уақытта авиабилетті алуыңызға болады.

Тегін Wi-Fi

Аэробекет аумағында Wi-Fi арқылы интернетке тегін кіруге болады. Сымсыз Wi-Fi желісіне қосылу үшін, өз гаджетіңізден (телефон, ноутбук, планшет) Wi-Fi нүктелерін іздеуді қосыңыз да, SSID желілер тізімінен Kazakhtelecom_WiFi3 таңдап, мобильді браузерді жібересіз. Осылайша Сіз сүйікті веб-сайтыңызға кіріп, оған қоса мобильді қосымшаларды қолдана аласыз.

Тамақтану пункттері

Өскемен әуежайында қымбат емес бағаға жүрек жалғап алатын кафе мен бар бар. Олар аэробекет ғимаратының бірінші және екінші қабатында орналасқан.

Сонымен қатар аэробекет ғимаратында кофе және газдалған сусын сататын автоматтар бар.

Қол жүгі мен жолжүктерін тасымалдауға арналған арбалар

Әуежай аумағында қол жүк мен жолжүкті алып жүруге ыңғайлы болуы үшін арбаларды пайдалануыңызға болады. Егер ұшып кететін жолаушы арбаның өзіне қажеттілігін тіркеу бағанындағы агентке немесе анықтама бюросына айтса, осы қызмет Сізге көрсетіледі. Ал ұшып келген жолаушыларға жүк таситын арба №2 терминалда жүктерді беретін зонаға барар жолда орналасқан.

Ана мен бала бөлмесі

Баласы бар жолаушылар үшін әуежайда ана мен бала Бөлмесі бар. Бұл бөлме 5 жасқа дейінгі баласы бар ата-анаға арналған, бөлмеге бала ата-анасымен бірге ғана жіберіледі. Ол аэробекеттің екінші қабатында орналасқан. Бөлмеде ана мен балаға қажетті заттар – бала төсегі, жаялыққа орау үстелшесі, диван және баланы жуындыру үшін жуатын шұңғылша (раковина) бар. Ана мен бала бөлмесінің қызметі тегін.

Медициналық пункт

Аэробекетте үзіліссіз және демалыс күндерінсіз, күнделікті істейтін медициналық қызмет көрсету пунктісі бар. Ол медициналық көмек көрсетуге қажетті және сырқат жолаушыларды ұшақтың бортына жеткізуге арналған барлық құралдармен жабдықталған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Жүкті орап қаптау

Жолаушыларға ыңғайлылық туғызу үшін және жүгінің аман сақталуы үшін аэробекеттің бірінші қабатында жүкті орау қызметі ұсынылады.

Газет-журналдар киоскісі

Аэробекет ғимаратында орналасқан бұл киоскіден Сіз газеттер, журналдар, мерзімді басылымдар мен кәдесыйлар ала аласыз.