Керi байланыс АО «Аэропорт Усть-Каменогорск» открыто для контактов и улучшений, мнение потребителей о нашей работе и качестве предоставляемых услуг очень важно для нас.. Отправить Керi байланыс

Жалпы мәліметтер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі

Жалпы мәліметтер

ICAO коды — UASK

IATA коды — UKK

Сағаттық белдеуі: UTC+6

Әуеайлақ «В» класына және 2-класты әуежайға жатады. Әуеайлақта жасанды жабыны бар бір ҰҚЖ (Ұшу қону жолағы) бар және топырақты қосымша ҰҚЖ бар. Өскемен әуеайлағы азаматтық әуеайлақ болып саналады. Әуеайлақтың бекітілген минимум бойынша күндіз және түнде халықаралық ұшуларды орындауға рұқсаты бар. Өскемен әуеайлағы таулы әуеайлақ болып табылады.

Өскемен әуеайлағын әуе кемелерінің ұшуларын, қонуларын, басқаруын, олардың тұрақтарын және әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін пайдаланады.

Әуеайлақ Өскемен қаласының солтүстік-батыс шетінде, қала орталығынан 13 км қашықтықта орналасқан.

Әуеайлақтың ұзындығы 2510 метр, көлемі 42 метр болатын асфальт-бетон жабындыларымен (ЖҰҚЖ), МКпос.124/304.-пен бағытталған қосымша топырақты жасанды ұшу қону жолағы (ТҰҚЖ) бар.

Өскемен әуежайының төмендегі әуе кемелерін қабылдауға техникалық мүмкіндіктері бар:

Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-30, Ан-2, Ан-124, Ил-76, Ту-154, Ту-204, Як-40, Як-42, Boeing-737 (300, 400,700, 800), Boeing-757, Boeing-767, Airbus A310, A319, A320, A321, A330, CRJ-200, Embraer −190, Embraer −135, Fokker-50, Fokker-100, L-410 және барлық типті тікұшақтарды.

Инфрақұрылым

ҰҚЖ-НЫҢ ЖАРЫҚ-ДАБЫЛ ҚҰРАЛДАРЫ

ЖҰҚЖ «ID 6.2» жарық-дабыл құралдарымен жабдықталған. Ол ИКАО-ның ІІ-санаты бойынша ұшақтың қонып отыруын қамтамасыз етеді.

АРНАЙЫ КӨЛІК ПЕН МЕХАНИЗАЦИЯ

Өскемен әуежайында отандық және шетелдік өндірістік әуе кемелеріне техникалық, коммерциялық қызмет көрсету үшін, сонымен қатар әуайлақты пайдалану үшін куәландырылған барлық қажетті жер үсті құралдары бар.

АҚҚ

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің негізгі әрекеті «Аэропорт Усть-Каменогорск» акционерлік қоғамның жұмысында заңсыз араласу актілерін болдырмау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Жолаушылар мен әуе кемесінің экипажын, қол жүгін, басқа да жүктерді, поштаны және қызмет көрсетуші персоналды тексеру (ары қарай - тексеру) жұмысы – заңсыз араласу актілерін жасау үшін пайдалануы мүмкін тыйым салынған заттарды, басқа да қауіпті құрылғыларды, жарылғыш заттарды, қаруларды табуға бағытталған техникалық және осыларды анықтауға пайдаланатын басқа да жабық-құралдарды қолдана отырып жасалатын іс-шаралардың жиынтығы болып табылады.

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ, ҰШУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУМЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІ (ӨҚҰІАҚҚ)

Өскемен халықаралық әуежайының өртке қарсы қорғау, ұшуларды іздестіру және апаттық-құтқару қызметінің басты міндеті – апатты жағдайларда авиакомпаниялардың әуе кемесіне дер кезінде көмек көрсету болып табылады. Бұл қызметте ең замануи апаттық-құтқару мен өртке қарсы техникалар бар. Олардың жоғары динамикалық сапасы, өртке қарсы жоғары технологиялық құралдармен жабдықталып, ИКАО талаптарына сай әуеайлақты өртке қарсы қорғаудың максимальды деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетті.

ӘУЕАЙЛАҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ

Әуеайлақтық қызмет әуе кемелерінің ұшуларын, қонуларын, басқаруын, әуеайлақтың ұшу алаңын және ӘК тұрақтарын үнемі ұшу дайындығында ұстауын жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығын жүзеге асырады.

АРНАЙЫ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ

Авиациялық-техникалық базаның бар болуы және оларды жаңартып отыру - Өскемен әуежайында жолаушыларға көрсетілетін қызметтерді жақсарта түсудің маңызды бір бөлігі болып табылады

ПОШТАЛЫҚ ЖҮК ТЕРМИНАЛЫ

«Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ-ның пошталық жүк терминалы SCAT авиакомпаниясының рейстері Алматы, Астана, Қарағанды, Семей, Үржар, Новосібір бағыттары бойынша жүктерді рәсімдеу қызметін ұсынады. Әуе кемелерінің қозғалыс кестесіне қарай кесте бойынша ұшуға үш сағат қалғанда жүктер қабылданады. Осыған байланысты ақпаратты нақтырақ білу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласу керек: 8 7232 77 91 48; 8 777 143 88 861.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі


І. Кіріспе бөлім:


«Аэропорт Усть-Каменогорск» Акцонерлік қоғамы Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру Комитеті тұлғасында мемлекетпен 27.12.98ж. №747 Қаулысына сай, «Авиакомпания Ульба» ААҚ құрамынан бөлініп шығуына байланысты құрылған. Қазіргі уақытта Қоғамның құрылтайшысы «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ҰК» АҚ.

  1. 1. Қоғамның негізгі жұмыс түрлері мыналар:
    • - жолаушыларға қызмет көрсету және жүктерді, поштаны өңдеу;
    • - жолаушылар мен экипажды тамақтанумен қамтамасыз ету;
    • - ӘК-ні авиаотынмен және автокөліктерді автоотынмен қамтамасыз ету;
    • - әуе кемелерін қабылдау, жіберу және оларға техникалық қызмет көрсету;
    • - әуеайлақ, әуежай, аэронавигация нысандарын ұстау, жөндеу және пайдалану;
    • - коммерциялық, делдалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру, байланыс, энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсету;
    • - ұшу құжаттамасын қамтамасыз ету;
    • - ұшулардың қауіпсіздігін медицинамен қамтамасыз ету;
    • - қаржылық және оперативтік лизинг;
    • - жүктерді сақтау қызметтері;
    • - әуе кемелеріне жер үсті қызметтерін көрсету;
    • - электравтокөлігімен қызмет көрсету қызметтері;
    • - апаттық-құтқару жұмыстары мен авиациялық қауіпсіздік бойынша қызметтер;
    • - жолаушыларды, экипаж мүшелерін, жер үсті қызмет персоналдарын, тұрғындарды, жабдықтарды заңсыз араласу актілерінен сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;
    • - туристтік іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
    • - ақпараттық-анықтамалық және жарнамалық қызметтер;
    • - сыртқы экономикалық іс-әрекетті жүзеге асыру;
    • - Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да іс-әрекет түрлері.
  2. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізілген жер: «Аэропорт Усть-Каменогорск» АҚ, электронды поштаның мекенжайы: mail@airport-uk.kz, телефон нөмірлері: 77-81-00, 77-80-98.
  3. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өткізу кезеңі: 2016 жылдың 01 қаңтарында басталып, 2016 жылдың 30 маусымында аяқталды.
  4. 4. Бақыланған кезең: 2016 ж. бірінші жартыжылдықтағы іс-әрекеті.

II. Ақпараттық-аналитикалық бөлім


Бірінші жартыжылдықта Қоғамға 348 жүгінулер келіп түсті:

  • - оның ішінде 2016 жылдың 1-тоқсанында 161 жүгіну, оның 157-сі заңды тұлғалардан, ал 4-уі жеке тұлғалардан;
  • - оның ішінде 2016 жылдың 2-тоқсанында 187 жүгіну, оның 184-і заңды тұлғалардан, ал 3-уі жеке тұлғалардан;

Келіп түскен жүгінулердегі көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі өндірістік сұрақтарға байланысты.

Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулері бойынша жұмыс үнемі бақылауда.

Қарау мерзімдері қадағалануда.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 нормативті-құқықтық актілер келісімдеуге ұсынылды.

Бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне тартылған тұлғалар болған жоқ.


III. Қорытынды бөлім.


Түйіндер.

1. Қоғамның интернет-ресурсына сыбайлас жемқорлыққа қарсы істелінген жұмыстар туралы ақпаратты жүйелі түрде енгізіп отыруды қамтамасыз ету.