Назад

Пройдена сертификация!

Өскемен қ.әуежайы отырғ. МК 124/304, ААХҰ-ның 1-санаты бойынша әуе кемелерінің ұшып-қонуын қамтамасыз етуге әуеайлақтың сәйкестігін растады. Азаматтық авиация Комитетінің комиссиясы Өскемен қ.әуеайлағына навигациялық, радиотехникалық пен жарық-дабыл жабдықтарына инспекциялық бақылаумен бірге, барлық параметрлер бойынша тексеру жүргізді. 2016 жылдың 20 маусымында берілген сәйкестік Сертификатына сай Өскемен қ.әуеайлағы - Қазақстан Республикасы инвестициялар мен даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 24 ақпанындағы № 187 бекітілген бұйрығымен әуеайлақтың (вертодромның) жарамдылық сертификатын беру мен сертификаттау Ережелерінің талаптарына сай келеді. Комиссия тексеруінің нәтижесінде Өскемен әуеайлағын пайдалануға мүмкіндік беретін сертификаттың мерзімі 2019 жылдың 01 шілдесіне дейін ұзартылды.

Сертификаттау қорытындысы бойынша «Аэропорт Усть-Каменогорск» Акционерлік Қоғамы ҚР ИДМ азаматтық авиация Комитетінің төрағасы Б.Сейдахметовтен алғыс хатпен марапатталынды.